Біз туралы

Қосалқы міндеттерге алаңдамай, ӨЗІҢІЗДІҢ негізгі қызметіңізбен айналыса беріңіз!

IT қолдауды ұйымдастырамыз

  • сенімділік (білікті қызмет көрсетілуінен көрініс табады, мұнда кез келген компания үшін маңызды жұмысты өз ісінің мамандары және де барынша қысқа мерзімде орындайды);

  • үнемділік (белгілі бір функционалдың аутсорсингке берілуі компанияның табыстылығын және кәсіпорынның тиімділігін жоғарылатады, бұл орайда компания үшін неғұрлым маңызды және жаһандық бағыттарға, тиісті мақсаттар мен міндеттерге зейін қою үшін жұмыс орындарын босатуға, оларды жайластыруға алаңдамауға мүмкіндік береді); 

  • адами фактор жоқ (аутсорсинг компанияларының қызметкерлері бірін-бірі алмастыратын мамандар болып табылады, демек қызметкерлердің жеке өмірінің жағдайлары – декретке кетуі, ауруы, демалысқа шығуы және тағы басқалары жұмыстың мерзімі мен сапасына әсер етпейді); 

  • компанияның жаңа бағыттарын дамыту немесе қазіргі кезде бар бағыттарын нығайту үшін уақыт босайды (жанама бағыттар аутсорсингке жіберілгенде өз бизнесіңіз үшін неғұрлым тиімді пайдалануға болатын уақыт көбейеді).

Сіздің күрделі және операциялық шығыныңызды төмендетеміз

  • Многие руководители боятся, что дистанционная работа снизит производительность персонала, но сложная экономическая ситуация заставляет делать ставку на эффективность. Современные технологии давно «размыли» корпоративный периметр и сделали концепцию дистанционной работы реальностью - сама жизнь подсказывает: воспользуйтесь трендом и экономьте. 

  • Затраты на «мобильный офис» окупятся за первый же год использования, а его создание займет всего 2-3 месяца. 

  • IP-телефония в офисе позволяет значительно экономить средства благодаря наличию дополнительных интеллектуальных услуг, таких как «Виртуальная АТС». «По нашим оценкам, экономия может составлять до 20% за счет того, что бизнес не тратится на покупку дорогого оборудования и не содержит штат людей для его обслуживания», — поясняет PR-менеджер МГТС Ольга Фефелова. Кроме того, тарифы IP-телефонии для офиса в контексте высокого уровня конкуренции на рынке связи сегодня выгоднее, чем когда-либо. 

  • задумывались ли вы о серьезности лицензирования софта? опасности использования пиратского софта? суммах штрафов за нелицензионное ПО? А знаете что на покупке лицензий для ПО можно сэкономить в десятки раз?

Кез келген күрделі желістерді жобалау және монтаждау

ТОБЖ тарту

  • талшықты-оптикалық байланыс желістері, қысқартып айтқанда ТОБЖ, мыс сымның негізіндегі дәстүрлі дерек табыстау желістерінен айтарлықтай асып түсуге мүмкіндік береді. 

  • NanoTechProm ЖШС компаниясы талшықты-оптикалық байланыс желістерін жобалау және тарту мәселелеріне байыппен қарайды, сондықтан біз деректерді табыстаудың қажетті көлемі мен жылдамдығын қамтамасыз ете аламыз. Біз ТОБЖ тарту жұмыстары жасалатын объектінің өзіндік ерекшеліктеріне жеке тәсілдемені пайдаланып, қаржылық қалауын білдірген тапсырыс берушінің бабын табамыз.

  • Өз жұмысымызда біз ТОБЖ-ның барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық дәрежеде пайдалануға мүмкіндік беретін шешімдерді табуға тырысамыз. Бірақ кейбір кезде неғұрлым жақсы тиімділікке жету үшін біз талшықты-оптикалық байланыс желісі және мыстан жасалған дәстүрлі еспе жұп технологияларын біріктіруге дайынбыз. Мұндай шешімді қазіргі жергілікті желісті модернизациялау кезінде пайдаланған ыңғайлы, өйткені оны бір-бірінен қашық орналасқан ғимараттардың арасында жедел дерек табыстауға кедергі келтірместен  жаңа ТОБЖ-мен біріктіруге болады, және де бұл барлық жұмыстардың шығынын қысқартуға мүмкіндік береді.

ҰЖҰА-ның көмегімен  топографиялық түсірілім жасау және карталарды құру бойынша қызмет көрсету 

Инженерлік-геодезиялық жұмыстар төмендегі мақсаттарда жүргізіледі:

  • геодезиялық желістерді құру және дамыту;

  • спутник жүйесінің қатысуымен координаттарды есептеп шығару;

  • құрылыс алаңын таңдау;

  • осьтерді бөлу және табиғи түрде шығару;

  • ғимараттар мен құрылыстардағы деформацияларды геодезиялық қадағалау;

  • ғимараттардың қасбеттерін геодезиялық түсіру.

Ақпарат жинаудың геодезиялық тәсілдерін пайдалана отырып, қосымша кадастрлық жұмыстар жүргізіледі, олар өз кезегінде төмендегіні қамтиды:

  • топографиялық түсіру, межелеу және жерге орналастыру жұмыстары;

  • түсіру желістерін қамтамасыз ету;

  • жан-жақты өлшеу;

  • құрылыс салу кезеңінде ғимараттардың геометриялық сәйкестігінің дәлдігін бақылау;

  • іс жүзінде орындалған жер жұмыстарын есепке алу және мониторинг жасау;

  • деформацияларды байқап отыру.

Жабдықты лизингіге жеткіземіз

Лизингтің негізгі артықшылықтары мынадай болып келеді:

  •  ол инвестициялық операцияның толық көлемде қаржыландырылуын қамтамасыз етеді және ол бойынша дереу төлем жасау талап етілмейді, бұл қымбат тұратын активтерді шаруашылық қызметтен қаражаттың елеулі көлемін оқшаулатпастан сатып алуға мүмкіндік береді; 

  • формалды түрде кәсіпорын үшін активтерді сатып алуға қарыз алғаннан гөрі, оларды лизинг бойынша алу оңайырақ, себебі лизингтің мәні жеткілікті дәрежеде өтімді болғанда ол сонымен қатар кепілзат  болуы да мүмкін; 

  • бұл қарызға қарағанда неғұрлым икемді қайнар көз, себебі екі тарапқа да төлемдердің ыңғайлы сұлбасын әзірлеп келісуге  мүмкіндік береді (мысалы, лизингтік төлемдер жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды өткізуден түсім алынғаннан кейін жүзеге асырылуы, онда бизнестің маусымды сипаты ескерілуі мүмкін  және т.с.с.); 

  • онда қамтамасыздықтың сан алуан нысандары мен түрлеріне жол беріледі; 

  • ол активтерге иелік етуге байланысты тәуекелдерді төмендетеді; 

  • лизингтік төлемдер толық көлемінде лизинг алушының өндіріс шығынына (өзіндік құнына)  жатқызылады және, сәйкесінше, салық салынатын пайдасын төмендетеді; 

  • алынған активтер, әдетте, лизинг алушының балансында есептелмейді, ал бұл оны осы мүлікке салынатын салықты төлеуден босатады; 

  • ол білікті  сервистік және техникалық қызмет алу мүмкіндігін және т.б. қамтамасыз етеді.

Бизнес процестердің тиімділігін жоғарылатамыз

  • Бизнесті автоматтандыру — бұл стереотиптік операциялар мен бизнес міндеттерді мамандандырылған ақпараттық жүйенің немесе бағдарламалық-аппараттық кешеннің бақылауына ішінара немесе толық өткізу. Соның нәтижесінде еңбек өнімділігін және стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыру үшін адами және қаржылық ресурстар босайды. 

  • Бизнес процестердің автоматтандырылуы компаниядағы басқарудың сапасын және оның өнімінің сапасын айтарлықтай жоғарылатуы мүмкін.  Жалпы алғанда ол кәсіпорынға бірқатар елеулі артықшылық береді. 

  • Ақпаратты өңдеудің және қайталанатын міндеттерді шешудің жылдамдығы артады.

  • Бизнестің ашықтығы және оның технологиялығы артады.

  • Қызметкерлердің әрекеттерінің келістілігі және оның жұмысының сапасы өседі.

  • Ақпараттың үлкен көлемін бақылау мүмкін болады.

  • Қол еңбегі автоматтандырылады.

  • Қателік саны азаяды және басқарудың дәлдігі жоғарылайды.

  • Бірнеше міндет қатарынан шешіледі.

  • Стереотипті жағдайларда тез шешім қабылданады.

  • Бизнес процестерді басқарудың автоматтандырылуы нәтижесінде кәсіпорын басшысы бизнес процестерді талдау үшін егжей-тегжейлі есептемелер түрінде көбірек ақпарат алады және оның сыртқы және ішкі көрсеткіштерді ескеріп компанияны сапалы түрде басқаруға мүмкіндігі болады.

Кез келген объектілердің құрылысын салу кезінде дәлдігі жоғары геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар жасау бойынша қызмет көрсету, бұл орайда интерактивті карталарды құру және орындалған жұмыстардың көлемін дәл анықтау

  • Стандартты функционалдық мүмкіндіктерге сканерленетін жер бетінің қажетті учаскелерін 2D және 3D өлшеу кіреді:

  • Ойықтар мен үйінділердің көлемдері

  • Биіктіктердің профильдері

  • Учаскенің нақты нүктелеріндегі биіктіктер

  • Арақашықтықтар (сызықтық тәсілмен және бедерді ескеріп)

  • Қажетті учаскелердің аудандары мен периметрлері (сызықтық тәсілмен және бедерді ескеріп)

  • Еңістер

  • Екі алаңды / бетті салыстыру

  • Екі датаның арасында бедердің өзгеруін автоматты түрде өлшеу

  • Жер бетінде болған өзгерістерді түстермен визуализациялау, сканерлердуі арасында өткен уақытты көрсету

  • Цифрлық көшірмені геодезиялық және жобалық беттермен салыстыруды түстермен визуализациялау  

IT стратегияны әзірлеуге және ендіруге көмектесеміз

Біз цифрлық ортаның өзгерістер жолынан тез әрі нәтижелі түрде өтуіңізге көмектесеміз. Бізбен әріптестік жасауыңыз сіздің компанияға ең озық digital шешімдерді алып келеді, ал біздің тәжірибеміз және консалтинг саласындағы сараптамамыз оларды қолданыстағы жүйеңізге ендіруді үйлесімді әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

IT және жоғары технологиялар саласында кеңес береміз

  • IT консалтинг фирманың қызметінің ақпараттық және аппараттық қамтамасыз етілуіндегі әлсіз жерлерді қысқа мерзімде айқындауға және компьютерлік технологиялар саласындағы соңғы жетістіктерді пайдаланып жұмыс бизнес процестерін оңтайландыру және модернизациялау бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, IT консалтинг саласының мамандары ақпараттық және  телекоммуникациялық қызметтер саласында сауатты қызметкерлерді іріктеу жағынан қызмет көрсетеді, бұл кейіннен компанияның қызметін ақпараттық, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудегі проблемаларды шешу үшін бөтен мамандардың көмегін алудың жиілілігін төмендетеді, демек, ұйымның қаржы шығынын азайтады. 

  • Айтпақшы, компанияның ақпараттық қауіпсіздігіне, хакерлік, DDoS және таргеттелген шабуылдардың жиі жасалуына қатысты проблемалар анықталған жағдайда да IT консалтинг саласының мамандарына жүгінуқажет. Өйткені ақпараттың жайылып кетуі, әсіресе егер бұл ақпарат бәсекелестердің қолына түссе, компанияның түсімінің күрт  төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан алдамшы үнемдеу табыскер ұйымның қызметінің толығымен күйреуімен аяқталуы мүмкін.

Кез келген IT жабдығын және Бағдарламалық жасақтаманы жеткізу

Біз Жабдық пен Бағдарламалық жасақтаманың үздік өндірушілерінің тұтас бір қатарының ресми серіктестері және өкілдері болып табыламыз. Бұл біздің өз клиенттерімізге дилерлік баға ұсынуымызға мүмкіндік береді.

ҰЖҰА-ның көмегімен  мұнай-газ құбырларына мониторинг жасау қызметтері

  • объектінің техникалық жағдайының бұзылуын: ажырауын, жарылуын, коррозиялық аймақтарды, гидро- және жылу оқшаулаудың зақымдануын және т.б. анықтау; 

  • магистральді құбыр желісінің бойындағы табиғат ортасының экологиялық жағдайын бақылау, көмірсутектердің жерасты және жерүсті жылыстаған жерлері мен көлемдерін, ластану аумақтарын және т.б. анықтау; 

  • құбыр желісінің  су бөгеттері, автожол және теміржол өткелдері арқылы өтетін учаскелерін талдау; 

  • жер қыртысының белсенді болып отырған жарылған жерлерін, жарықшақтылығын және қазіргі замандағы жылжуын, олардың құбыр желісіне әсерін, сондай-ақ құбыр маңы ортасының кернеу-деформациялық жағдайын зерттеу; 

  • топырақтың, су дейгейі көтерілген аймақтардың, суландырылған учаскелердің, сорланған аймақтардың, коррозия қаупі бар орталардың, тоңданған және еріп жатқан топырақтың және т.б. карталарын құру;  

  • қазіргі заманғы экзогендік процестерді (сел, көшкін, опырылу және т.б.) зерттеу; 

  • учаскелерді қауіптілік дәрежесі бойынша саралау, бірінші кезекті диагностикалық зерттеуге учаскелерді бөлу. 

Nano Tech Prom